$ 494.87  520.65  4.91

550 мың теңге: дәрігерлердің жалақысы өседі

Бүгінгі таңда дәрігерлердің орташа жалақысы 240 мың теңге.

Дәрігерлердің жалақысы өсетіні жайлы жедел медициналық көмек бригадаларының және стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің IV республикалық конференциясында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біртанов тілшілердің сұрағына жауап беру барысында медициналық қызмет мамандығының абыройын арттыру үшін жалақыны өсіріп, медициналық мекемелерді медициналық құрылғылармен қамту керектігін айтты.

«Мысалы, мен жедел жәрдем қызметінде жұмыс істеу абыройлы іс деп санаймын. Бұл - энтузиазистер жұмыс істейтін орын. Оларды сөгетіндер де бар, себебі бұл ерлік көрсететін жер ғана емес, бір адам  қан қысымын өлшету үшін бірнеше рет шақыратын күнделікті жұмыс. Сондықтан мұндай жағдайда ынталандыру өте маңызды», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Ол министрлік пен жергілікті атқарушы органдар бір орында тоқтап қалмай, дәрігерлердің жалақыларын көтергендерін айтты.

«Министрлік дәрігерлердің жалақысына мониторинг жүргізіп, жалақылары лайықты болуын қадағалайды. Бүгінгі таңда дәрігерлердің орташа жалақысы 240 мың теңге», - дейді ол.

2025 жылы жалақы мөлшері өседі.

«Орташа жалақыны айтқан кезде ең үлкен жалақы мен ең аз жалақының арасындағы көрсеткіш айтылады, сондықтан ол көп болып көрінеді. Ал негізінде дәрігерлердің көбі алатын жалақы мөлшері 120 мың теңге. Бұл жерде жұмыс өтілі де ескеріледі. Біз дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе көп болуы керектігін айттық. Бұлай болған жағдайда дәрігер мамандығын алып шыққан мамандар басқа салаға немесе жоғары жалақы алу үшін шетелде қызмет ету үшін кетпейді», - дейді ол. 

Сондай-ақ, министр дәрігерлер шетелге неге кететінін айтты.

«Бұл өте маңызды мәселе. Ресей Федерациясында дәрігерлер жалақысы екі есе көп. Мұндай жағдайда дәрігерлер не үшін шетелде жұмыс істегілері келетіні түсінікті. Сол себепті 2025 жылға дейін дәрігерлер жалақысын кезең-кезеңімен көтеру жоспарлануда. Қазіргі жағдайды есепке алғанда, дәрігерлер жалақысы 500-550 мың теңгеге дейін көтерілуі тиіс. Дәрігерді дайындап, оған жұмыс істеуге рұқсат ету үшін 10 жыл кететінін бәріміз білеміз. Дәрігер қызмет бабында шұғыл шешім қабылдай білуі керек. Оларды мемлекеттік қызмет қызметкерлермен салыстыруға болмайды. Дәрігерлердің жалақысын көтермесек, олардан айырылып қаламыз. Олар мимен жұмыс істейді, жалақылары да соған сай болуы керек», - дейді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары