$ 448.15  483.46  4.86

Үндістандағы су тасқыны: 116 адам қайтыс болды

Зардап шеккендер саны 10 миллионнан асып кетті.

Үндістанға муссон нөсері алапат зардабын тигізіп отыр. Ассам және Бихар штаттарында толассыз жауған жауыннан кейін болған су тасқыны 166 адамның өмірін қиып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі NDTV телеарнасына сілтеме жасап. 

Зардап шеккендер саны 10 миллионнан асып кетті. 

Дүйсенбі таңындағы дерек бойынша Бихарда 102 адам, Ассам штатында 64 адам мерт болған. Бірнеше адам хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде. 

Айта кетсек, су тасқыны шілденің басында басталған еді. 

Қазіргі уақытта Бихарда 7,2 млн адам, Ассамда 3,8 млн адам су тасыған аумақта оқшауланып қалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Үндістан