Нұр-Сұлтанда суға батып бара жатқан қызды балықшы мен жолаушы дер кезінде құтқарып қалды, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі Нұр-Сұлтандағы ТЖК-ға сілтеме жасап.
Оқиға 22 шілдеде шамамен сағат 14:30-да орын алған. Борис Ковалевский жақын маңайда балық аулаған, ал Олжас Өтегенов өз жолымен кетіп бара жатқан. Бористің сөзінше, қыз бала сәбимен бірге жағалауда жүрген. Бірнеше минуттан кейін ол судың шалпылдаған дауысын естіп, батып жатқан баланы көрген. Ол Олжаспен бірге ойланбастан суға кіріп, қызды жағаға алып шығады. Осыдан кейін олар жедел жәрдем шақырады.
Кішкентай қыз қазір "орташа деңгейдегі аспирациялық синдром" диагнозымен ауруханада жатыр
"Нұр-Сұлтан қаласының ТЖ департаменті екі батырға баланы құтқаруда танытқан батылдығы, өжеттілігі, мұқияттылығы үшін алғыс айтады. Оларды батыл іс-әрекеті үшін елордалық ТЖ департаментінің басшылығы марапаттайды", — деп жазылған хабарламада.