«Қазгидромет» РМК еліміз қалаларындағы 23 шілде күнгі метеорологиялық ахуал туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, 23 шілдеде Балқаш, Қарағанды және Теміртау қалаларда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.