$ 487.37  532.94  5.09

Төс өсіру үшін не істеу керек?

Ең алдымен, сарапшы түсіндіргендей, жаттығулар омыраудың формасына әсер етпейді.

Сүт безі қатерлі дерті бойынша британдық кеңесші және эстетикалық хирург Жаклин Льюис әйелдердің омырауы туралы ең көп тараған аңыздар жайлы айтты.

 Оның айтуынша, икемділік терінің сапасына және денедегі майдың және сүт бездерінің мөлшеріне байланысты. Егер әйел жиі жаттығу жасаса, оның көкіректігі шынымен тығызырақ әрі тегістеу болады. Дегенмен қартайған сайын терi икемділікті жоғалтады, байламдары ажыратылады, майлы тін қатты безге айнлады. 

Екіншіден, төстартқыш омыраудың формасын сақтауға көмектеспейтіні анықталды. Дәрігер төстартқыштың омырау қалыбын сырт көзге ғана жақсы көрсететінін айтады. Ұйықтағанда да төстартқышпен жату оның формасын сақтауға көмектеспейді.  Басқа бір аңызға сай қыз бала 17 жасқа толғана омырауының өсуі тоқтап қалатындығы айтылады. Бірақ жүктілік кезінде және бала емізгенде, климакс кезінде омыраудың формасы өзгереді. 

Қорытындылай келе, дәрігер Льюис омырауды табиғи түрде қалай үлкейту керектігін айтты. Оның айтуы бойынша, аскөкпен шай сүт безі матасына эстрогендік әсер етеді, бұл оның көлемінің уақытша өсуіне көмектеседі. Ал, омырауды көлемін мәңгілікке ешқандай жолмен өсіру мүмкін емес. 

2018 жылдың мамыр айында Cosmetic Surgery Solicitors емханасы омырауы үшінші көлемдегі әйелдерлің өзін бақытты санайтынын мәлімдеді.  Осы өлшем иелерінің 39 пайызы олардың денесі мен өміріне толық қанағаттанғандығын айтты. Әйелдердің 37 пайызы төртінші өлшеммен, 34 пайызы - бірінші өлшемге риза. 29 пайызы бесінші өлшеммен қанағаттанғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#төс