Қазақстандық Дарья Нестерова 17 тонналық жүк көлігін сүйреп өтті, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Бұған дейін бойжеткен салмағы 7 тонна болатын жүк көлігі мен 50 жолаушымен бірге 22 тонналық трамвайды сүйреген болатын.
Бұл өнер оның қанында болса керек.
Дарья Нестерова – пауэрлифтингтен Азия және әлем чемпионы, сондай-ақ, зілтемірді жатып көтеруден Азия чемпионы.
Бойында бір табын жылқының күші бар нәзікжандыны видеодан көре аласыз.