$ 495.2  522.34  4.94

Жүкті әйел массаж жасату кезінде комаға түсті

11 қаңтарда 25 жастағы Вираван Кедкесри табанына және балтырына массаж жасау кезінде есінен танып қалған.

Таиланд солтүстігіндегі Чиангмай қаласында жүкті әйел аяғына массаж жасатуға барып, комаға түскен және жарты жылдан соң қайтыс болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ақпарат агенттігі The Mirror басылымына сілтеме жасап. 

11 қаңтарда 25 жастағы Вираван Кедкесри табанына және балтырына массаж жасау кезінде есінен танып қалған. Оны дереу ауруханаға жеткізген. Жедел жәрдем каретасында науқас инсульт алып, жүрегі тоқтап қалған, соның салдарынан оның баласы шетінеген. Дәрігерлер өкпе артериясының тромбоэмболиясы деген диагноз қойған. 

Кедкесри комаға түскен, жарты жылдан соң оның туыстары әйелдің қайтадан қалпына келу мүмкіндігі жоқ екенін айтқан. Осылайша, 19 шілдеде өмір сүруді қамтамасыз ету құрылғысынан ажыратқан. 

«Бізге бұл шешімді шығару ауыр болды. Алайда оның рухы тыныш болады», - дейді әпкесі Чайват Камя. 

Жергілікті полиция массажшы Сутаньи Кавиге айып тақты. Таиланд билігінің пайымдауынша Кавидің жүкті әйелдерге массаж жасау тәжірибесі болмаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары