$ 495.2  522.34  4.94

Браконьерлер қолынан қаза тапқан инспектордың артында 4 баласы қалды

Қазіргі уақытта оның денесін туған жеріне жеткізу жөнінде шешім қабылданып жатыр.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Браконьерлер қолынан қаза тапқан «Охотзоопром" инспекторы - 43 жастағы Қаныш Нұртазинов болған. Оның төрт баласы қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Нұртазинов Қаныш Серікұлы 1976 жылы 24 қаңтарда дүниеге келген. Ол 2016 жылдың 5 қаңтарында "Охотзоопром "ӨБ" РМҚК жұмысқа қабылданған. Оның отбасында жұбайы мен төрт баласы - үш қызы мен 2011 жылы туған ұлы қалды. Қаныш Ұлытау ауданы Қоскөл ауылында тұрды.

Қазіргі уақытта оның денесін туған жеріне жеткізу жөнінде шешім қабылданып жатыр.  

Екінші жараланған инспектор Самат Оспанова Державин қаласының аудандық ауруханасында ота жасалып жатыр, оған санавиация шақырылған. 

23 шілдеде сағат 11.00-де Ақмола облысы Жарқайың ауданының аумағында Ақмола тірек пунктінің «Охотзоопром» инспекторлары ақбөкенді ату фактісін анықтады. 

«Ауруханаға келгенше көз жұмды. 1976 жылы туған ер адам. Оның кеудесіне тиген оқ тесіп шыққан. Екіншісі ауруханаға жатқызылды. Оның диагнозы - сол жақ кеуде қуысының алдыңғы бөлігінің, сол жақ иық сүйегінің жоғарғы үштен бір бөлігінің оқ тиген», - деді әкімдік аппаратының өкілдері.  

Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасында бір инспектордың қайтыс болғанын растады. 

«Зардап шеккендердің біріне «кеуде тұсынан оқ тию» диагнозымен дәрігерлер келгенге дейін көз жұмды, жүргізілген реанимациялық іс-шаралар сәтсіз болды. Екінші инспектор кеуде тұсынан жарақат алған Державинск аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Келіп түскен сәтте науқастың жағдайы ауыр болды, бірақ тұрақты. Көкшетаудан құрамында хирург, анестезиолог және медбике бар санавиация бригадасы ұшып шықты», - деді басқарма мамандары. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары