$ 494.87  520.65  4.91

ҚазҰТУ-да өлтірілген студенттің туысы мәлімдеме жасады

Кеше Алматыдағы Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде студенттердің бірі екіншісін пышақтап өлтіргендігін хабарлаған болатынбыз. Осы жайттан кейін ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі танымал топтардың бірінде өзін қайтыс болған жігіттің ағасымын деп таныстырған азамат оқиғаның мән-жайын толық айтып берді.

Ол сондай-ақ, әлеуметтік желіге марқұмның суретін салып, оның аты-жөні Жақсылықов Самұрат Тұңғышбайұлы екенін көрсеткен.

"Олар алдымен кітапханада ерегіскен. Кейін өлтірген жігіт інімді дәретханаға мәселені шешуге шақырыпты. Сол жерде қалтасынан пышағын шығарып, сұғып алған. Жедел жәрдем 18 минутта жеткен, олар келемін дегенше Самұрат есін жоғалтып, қансырап қайтыс болды. ЖОО-ның медициналық тірегінде дәрігерлер болмаған. Қазір күдікті өз кінәсін мойындап отыр. Ал, қорғаушысы болса Самұраттың өзі кінәлі екенін дәлелдемекші" делінген аталған мәлімдемеде.

Сөздің соңында жазба авторы күдіктінің құқық қорғау органдарында туыстары істейтінін және істі жылы жауып қоя салуы мүмкін екенін айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары