$ 447.4  477.55  4.76

Шымкентте 8-сынып оқушылары "қыдыру үшін" көлік ұрлаған

Шымкенттік полицейлер көлік ұрлады деген күдікпен 14 жастағы екі жасөспірімді ұстады. Олар көпқабатты үйлердің ауласында тұрған автомобильдің терезесін бұзып ашып, оңай айдап кеткен деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Әл-Фараби аудандық ІІБ-нің кезекші бөліміне көлігін жоғалтқан 26 жастағы тұрғын 2 желтосан күні арызданып келген. Ол өз арызында көрсеткендей, "Отырар" шағынауданындағы үйінің ауласынан құны 800 мың теңге болатын "Опель-Вектра" маркалы машинасын белгісіз біреулер ұрлап кеткен.

Шұғыл іздеу шаралары барысында тәртіп сақшылары 2001 жылы туған екі жасөспірімді құрықтады. Екеуі де істеген қылмыстарын мойындап отыр. Айтуларынша, олар көлікпен қаланы біраз қыдырып, кейін қайта әкеліп тастауды жоспарлаған екен. Алайда, жоспарлары жүзеге аспай қалды. Қазір күдіктілер кәмелет жасқа толмағандықтан үйлеріне қолхатпен қайтарылды. Үстерінен ҚР Қылмыстық кодексінің 200 бабы бойынша іс қозғалып отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары