$ 494.87  520.65  4.91

Зейнетақы төлеудің жаңа ережесі: жұмыс беруші өз қалтасынан 5% төлеуге міндетті (ВИДЕО)

1 қаңтардан бастап жұмыс беруші әрбір қызметкері үшін жалақының 5 проценті көлемінде зейнетақы қорына қосымша төлем жасауға міндетті болады.

Зейнетақы төлеудің жаңа ережесі 2020 жылдан бастап күшіне енеді, деп хабарлады Хабар24.

1 қаңтардан бастап жұмыс беруші әр қызметкері үшін жалақыдан бөлек 5%-ды БЖЗҚ-ға қосымша төлеуге міндетті болады. Бұл 10% жалақыдан ұстаған ақшадан бөлек. Ақшаны жұмыс беруші өз қалтасынан төлейді. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айтуынша, жаңа ереже арқылы ай сайын қорға 35 миллиард теңге шамасында ақша түсіп отырады екен. Мұндай өзгерістер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Заң 2015 жылы қабылданды. Жүйені 2018 жылы енгізу жоспарланған, алайда ведомство жаңашылдықты келесі жылға қалдыруға шешім қабылдапты.

«Ортақ зейнетақы республикалық бюджет есебінен өмір бойына төленеді, оны алуға 98 жылға дейінгі еңбек өтілі бар адамдар құқылы. 80-ші жылдан бері туған адамдарға ол берілмейді, өйткені 98 жылға дейінгі еңбек өтілі жоқ. Тиісінше, қазіргі модернизациялау тұжырымдамасына сәйкес, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өмір бойы төленетін төлемдерін қамтамасыз ету мақсатында оны қосымша шартты-жинақтаушы компоненттермен толықтыруға шешім қабылданды», - деп түсіндірді министрліктің департамент директоры Виктория Шегай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары