$ 444.22  476.38  4.82

«Қазақстанда жұмыс істеп, әлемді аралау керек»: Шымкент әкімі Лондоннан сәлем жолдады (ВИДЕО)

«Барлық жастарға елімізде қызметімен жетістіктерге жетіп, шетелде саяхаттауын тілеймін», - деді Әбдірахымов.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Ұлыбританияның астанасына іссапармен барған Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов әлеуметтік желідегі оқырмандарына видео сәлемдемесін жеткізді.

«Сіздерге Лондоннан сәлем жолдап тұрмын. Лондон - әлемнің астанасы. Оны дәлелдеудің де қажеті жоқ. Бірақ мен Қазақстанды қаттырақ жақсы көремін. Қазақстанда тұрып, жұмыс істеп, әлемді аралау керек. Менің ойымша, еліміздің патриоттары үшін нағыз бақыт осы! Барлық жастарға елімізде қызметімен жетістіктерге жетіп, шетелде саяхаттауын тілеймін. 

1993 жылы Елбасының қаулысымен жасақталған Болашақ бағдарламасы игі бастама болды. Қазақстанды құрып, бізге қызмет ұсынған халқыма, Елбасыға, аға буын өкілдеріне алғысымды айтамын. Қазақстанның болашағы зор деп ойлаймын және соған сенемін!», - деп қорытындылады Шымкент әкімі.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары