$ 444.22  476.38  4.82

Мейрамбек Беспаевтың анасы аудан халқымен бірге аптап ыстықта судың жоқтығына шағымданды

Наурыздан бері мәселеге айналған ауыз су халықты әбден ашындырған.
Фото: 77news.kz
Фото: 77news.kz

Мейрамбек Бесбаевтың ата-анасы мен бірқатар тұрғындар су жоқ деп наразылығын айтты, деп хабарлайды Stan.kz «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап.

Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаевтың ата-анасы Қарасай ауданында тұрады. Олар жұртпен бірге жан ұшырып сусыз отырғандарын айтып ашынған. Аудан халқы бақша суармақ түгілі, қарапайым ауыз суға зар болып отыр. Олар құбырлардан су көрмегенімізге бірнеше күн болды дейді. Бұл туралы әншінің анасы пікір білдірген.

«Бәрі таусылды. Балалар су осының алдында 4 күн болған жоқ дейді. Үйде су жоқ болғаннан кейін жиналмай тұр. Ештеңе жасай алмай, бетіне қарап отырмыз», - дейді Мейрамбек Бесбаевтың анасы Жібек Жолдасова.

Наурыздан бері мәселеге айналған ауыз су халықты әбден ашындырған. Әсіресе аптап ыстықта су тапшылығы қинайтын көрінеді. Осылайша аудан тұрғындары шағымдарын айтып, әкімшілікке жүгінген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары