$ 494.87  520.65  4.91

Қарағанды облысында 5 жастағы бала терезеден құлап кетті

Бүлдіршін ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Сәтпаевта ата-анасы мен әпкелерінің қарауынсыз қалған бес жасар балақай төртінші қабаттан құлап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүлдіршін ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккен бала ауыр жарақаттар алған. Оның өмірі үшін қаланың орталық аурухана дәрігерлері күресуде. 

«Өкінішке орай, өңірде пластик терезелері торлармен қоршалмаған тұрғын үйлер көп.

Бұл баланың биіктіктен құлап кетіп, жарақат алған 11-жағдайы», - деп хабарланды Қарағанды облысы төтенше жағдайдар департаментінің баспасөз қызметінде.

Қазіргі уақытта баланың ата-анасымен ювеналды полиция жұмыс істеуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары