24.07.2019, 11:43

Ақтауда ер адам 5 жасар қызға тиіскен

Фото: Neonomad.kz
Оны көрген балалар қыздың үйіне жүгіріп барып, әкесіне хабарлаған.

Ақтауда ер адамды полицейлер ұстады. Куәгерлердің айтуынша, ол балалар ойыны алаңында бес жасар қызға тиіскен, деп жазады lada.kz.

Оқиға 20 шілде күні қаланың 28-ші мөлтек ауданында болған. 

«Ол кішкентай қызға тисе бастады. Оны көрген балалар қыздың үйіне жүгіріп барып, әкесіне хабарлаған. Әкесі бірден келіп, күдіктіні мейрамхана жанынан ұстады. Сол сәтте полицейлер де жетті», - дейді куәгерлер.

Маңғыстау полициясы оқиғаның орын алғанын растап отыр.

«Қазір қаскүнем тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаменті.