$ 444.32  473.33  4.76

Ғабидолла Әбдірахымов 3 жасар қыздың қалай қайтыс болғанын айтты

Сондай-ақ, Ғабидолла Әбдірахымов сәбиге қатысты ешқандай зорлық болмағанын айтты.
Фото: YouTube
Фото: YouTube

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бақилық болған 3 жасар қыз өлімінің себебін айтты. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында жазды.

«Осыдан 3 күн бұрын қаламызда қайғылы оқиға орын алды. Аулада ойнап жүріп, 3 жасар Кәусар көршісімен бірге отырған әкесіне бармақшы болады. Кішкентай Кәусарды жетектеген көршісі қоршауды секіріп өтпекші болып, оны қолынан түсіріп алады. Талып қалған сәбиді көріп, қорыққанынан кішкентай баланы сол жерде қалдырып кеткен. Қылмыс жасаған азаматқа қатысты іс қозғалып, қамауға алынды. Ол сөзсіз жауапқа тартылады», - деді қала әкімі. 

Сондай-ақ, Ғабидолла Әбдірахымов сәбиге қатысты ешқандай зорлық болмағанын айтты.

«Іссапардан келісімен оқиға орнына барып, мән-жайдың барлығын анықтадым. Кәусарға қатысты ешқандай зорлық жасалмаған. Кәусардың ата-анасына көңіл айтып, сындарлы сағатта бекем болуға шақырдым. Кәусардың жатқан жері жарық болып, Алла алдынан жарылқасын!», - деді ол.

Сонымен қатар, әкім қала тұрғындарынан бала қауіпсіздігіне жіті қарауын сұрады. 

«Құрметті қала тұрғындары, балаларымызды сағат сайын бақылап, қадағалап жүрейік! Әр бала біз үшін қымбат. Сәбилеріміздің қауіпсіздігіне бәріміз жауаптымыз. Әкімшілік және қала полициясы тиісті жұмыстарды күшейтеді. Бүгін осы мәселе бойынша арнайы жиналыс өткізіп, тапсырма беремін», - деді Әбдірахымов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте 3 жастағы қыздың денесі табылғанын жазған болатынбыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары