Мәскеу орталығында сұлулық салоның қызметкері жұмыс істеп жатып қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz «Москва 24» қалалық жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Күзет қызметкері дәретханаға кіріп, 53 жастағы ер адамның мәйітін көрді. Марқұм сұлулық салонында стилист болып жұмыс істеген.
«Ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Стилистің жүрегі тоқтап қалды деген болжам бар», — деп жазды басылым.
Ол Ресейге Қазақстанның астанасынан барған. Марқұмның уақытша тіркеуі болған екен.