$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан 2017 жылдан бастап бағаларды бақылаудан бас тартады

Қазақстан 2017 жылдың қаңтар айынан бастап бағаларды бақылауда ұстаудан бас тартады деп жазады Tengrinews.kz. Бұл жайында ОКҚ брифингінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Серік Жұманғарин айтты.

Оның айтуынша, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап доминанттар тізілімі тек жоғары бәсекелестік жақсы дамымағандарға қатысты жүргізіледі.

"2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап бағаны жібереміз, дегенмен оның орнына монополияға қарсы әдіс келеді - суъектілердің әрекеті баға келісімінде қарастырылуы мүмкін. Бұл қиын жұмыс, дегенмен бүкіл әлем осылай әрекет етіп жатыр. Себебі бағаны реттеу - бизнес үшін тосқауыл. Экономиканың қарыштап дамуы үшін бәсекелестік жоқ", - деді ол.

"Бүгін реттеудің құрылымы мынадай, табиғи монополияларды реттеуден басқа реттемелі нарық та бар: теміржол тасымалы, азаматтық авиация (ішкі тасымал), газбен жабдықтау, электр энергиясымен жабдықтау және тағы басқа. (...) Жақында біз ішкі әуе тасымалын бақылаудан босаттық, себебі төртінші әуе компаниясы пайда болды. Бірақ әуе компанияларында бағаның қымбаттауы байқалмады", - деді Комитет төрағасы.

Ол бағаны реттеу тек үнемі заң бұзушылық болған жағдайда жүргізілетінін айтты. "Бизнес үшін еркін әрекет ету мүмкіндігі, кәсіпкерлік еркіндік және бәсекелестік еркіндігі берілді. Бәсекелестіктен жарысу туындайды. Осыдан кейін баға төмендеуі мүмкін немесе ол кенеттен көтерілмейді. (...) Сондықтан да 2017 жылдан бастап бағаны реттеуден бас тартамыз", - деді ол.

Сонымен қатар, монополияға қарсы органда бәсекелестік саласында заң бұзу материалдарын қарау жөнінде ұжымдық орган институты жұмыс істейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары