Ақын Әбділдә Тәжібаевтың ескерткішіне мініп суретке түскен қызылордалық қыз көпшіліктің ашуын келтірді. Белсенділер полицейлерден селфилеткіш бойжеткенді тауып, жазалауды сұрауда.
Ғаламторда Қызылорда қаласында орналасқан ақын, драматург Әбділдә Тәжібаевтың ескерткішіне мініп суретке түскен бойжеткеннің фотосы пайда болды. Көпшілік бір ауыздан селфишіл қызды «әруақ сыйламайды, сүйікті ақынды құрметтемеді» деп сөгіп, тәртіп сақшыларынан дереу тауып, жазаулауды талап етіп отыр.
Дегенмен де белсенді халықтың басым көпшілігі Қызылорда тумалары болғанымен, әзірге ешкім полицейлерге арыз түсірмеген. Қысқа шорты киіп, ашық-шашық отырған бойжеткен бұл суретке жаз кезінде түскені көрініп тұр.