Тоқаев Ақмола облысындағы қорықшыны қайтыс болғаннан кейін І дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан президенті браконьерлердің шабуылына ұшыраған «Охотзоопром» инспекторларына мемлекеттік наградалар беру туралы жарлыққа қол қойды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қаза болған қорықшы Қаныш Нұртазинов өлімінен кейін марапатталды.
«Өз міндетінде көрсетілген батылдық пен адалдық үшін:
І дәрежелі «Айбын» орденімен экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» РМҚК орталық аймақтық филиалының инспекторы Нуртазинов Қаныш Серікұлын (қайтыс болғаннан кейін) марапаттауға;
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» РМҚК орталық аймақтық филиалының инспекторы Оспанов Самат Көшбергенұлын марапаттауға шешім қабылдаймын», - делінген мәтінде.
Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Айта кетсек, қайғылы оқиға 23 шілдеде Бірсуат ауылында болды. Ақмола облысында браконьерлер қолынан жараланған инспектордың бірі көз жұмды. Екінші жараланған инспектор ауруханада жатыр.