Әлеуметтік желілерде қазақ қызының қара нәсілді азаматқа ұзатылып бара жатқан кезінде түсірілген видео қызу талқыға түсіп жатыр. Желі қолданушыларының бірі оларға қызыға қараса, екіншілері ащы сынның астына алды, деп хабарлайды Stan.kz.
Топтарда тарап жатқан видеодан қазақ қызының қара нәсілді азаматқа ұзатылып бара жатқанын көруге болады. Күйеу бала жақ дәстүрге сай қазақ қызына сырға салған-ды. Сондай-ақ, шетелдік күйеу баланың туыстары бата кезінде қолын жайып, қазақы салт-дәстүрлердің бәрін орындауға тырысып жатқаны байқалады.
Желі қолданушыларының бірі оларды сынаса, екіншілері жарыса бақыт тілеп жатты. Сондай-ақ, арасында екеуінің де сұлулығына тамсана қарағандар болды.
«Қыз сондай сұлу екен», «Қазағым-ау, мазақ болдыңдар әттең», «Қазақ қызын қимаймын мына қап-қара негрге. Өзімізде қара жігіттер толып жатыр еді ғой», «Әппақ күйеуің құтты болсын», «Мен махаббат үшін. Кімнің кімге шығатынында шаруаларың болмасын», «Байлық үшін шығар», «Әркім өзі біледі кімге тұрмысқа шығатынын. Оларға бақыт тілеймін. Кімсіңдер сынайтындай» деп жазды желі қолданушылары.