25.07.2019, 16:55

13 жыл бұрын жоғалып кетті: ШҚО азаматына қайта іздеу жарияланды

Фото: Pexels
Еріктілердің ақпараты бойынша, Семей тұрғыны Сергей Курчатов қаласынан 65 шақырым жердегі «Жәкен тұз» кенішінің қызметкері болған.

ШҚО-да 13 жыл бұрын жоғалған азамат қайта іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Туысқандарының көзінен кетсе де, көңілінен кетпеген Сергей Перцевке қайтадан іздеу салған Volontery_semey_LIDER.KZ тобының жастары.

Еріктілердің ақпараты бойынша, Семей тұрғыны Сергей Курчатов қаласынан 65 шақырым жердегі «Жәкен тұз» кенішінің қызметкері болған. Он үш жыл бұрын, 2006 жылдың екінші маусымында, жұмыс орнынан шығып үйіне аттанған азаматтан әлі күнге бір хабар жоқ.   

Николай Николаевич Перцев 1951 жылы туған. Бойы – 167 сантиметр. Шашы ашық-қоңыр, көздері көгілдір.

Еріктілер көрген-білген жандар болса, 8-747-349-57-17 телефон номеріне немесе 102-ге хабар беруін өтінеді.