$ 494.87  520.65  4.91

Балабақшадан бала ұрламақшы болған әйел ата-анасынан ақша талап етуді жоспарлаған (ВИДЕО)

30 жастағы күдікті сол балабақшаның тәрбиешісі болып шықты.

Алматыда балабақшадан бала ұрламақ болған әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Алматыда 5 жасар баланы ұрлау әрекеті туралы мәлімдеме Медеу аудандық полиция бөліміне түскеннен соң ҚР ҚК 125-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Қылмысты ашу үшін криминалды полиция қызметінде тергеу-жедел тобы құрылды. Күдікті әйел түрін қаншалықты жасыруға тырысқанымен, бірден анықталды. 

«Жедел іздестіру шараларының арқасында күдікті бүгін Алматы облысы Кеген ауданындағы ата-анасының үйінде ұсталды. Тергеу шараларын өткізу үшін ол Алматыға жеткізілді», - дейді Медеу аудандық полиция бөлімінің басшысы Болат Тотыбаев. 

30 жастағы күдікті сол балабақшаның тәрбиешісі болып шықты. 

«Күдікті — Әлиханды ұрлап әкеткен топтың тәрбиешісі. Қылмыс жасаған кезде ол еңбек демалысында болған. Баланы бейтаныс адамға бермеген қырағы тәрбиеші оны уақытша алмастырған. Күдікті баланың ата-анасынан ақша талап етуді жоспарлаған. Сұрақтарға жауап бергеннен кейін күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамаймыз», - деді майор Тотыбаев.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары