$ 443.37  474.49  4.83

Тоқаев #Birge #TazaQazaqstan акциясын қолдады

16 шілде күні ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев #Birge #TazaQazaqstanакциясын жариялады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев #Birge #TazaQazaqstan акциясын қолдады. Бұл туралы ол Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

«Үкімет пен азаматтық қоғамның бастамасымен бүкіл ел бойынша жүзеге асырылып жатқан ЭКО-Челлендж қозғалысын толық қолдаймын. Елді тазалық аймағына айналдырайық. Бірге - Таза Қазақстан! Жарайсыңдар, волонтерлар! #Birge #TazaQazaqstan»,- деп жазды Мемлекет басшысы. 

Еске сала кетейік, 16 шілде күні ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев #Birge #TazaQazaqstanакциясын жариялады. Содан бері игі бастама еліміздің түкпір түкпірінен қолдау тауып келеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тоқаев