$ 494.87  520.65  4.91

Жыл басынан бері солтүстік өңірлерге 206 түркістандық отбасы қоныс аударды

Жартысынан көбі еңбекке жарамды тұрғындар. 204 адам жұмысқа орналасса, сегізі өз ісін ашқан.
Фото: Хабар 24
Фото: Хабар 24

Жыл басынан бері Түркістан облысынан еліміздің солтүстік өңірлеріне 206 отбасы қоныс аударды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Негізінен олар Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарына көшіп барған. Жартысынан көбі еңбекке жарамды тұрғындар. 204 адам жұмысқа орналасса, сегізі өз ісін ашқан. Кәсіппен айналысуды жөн көргендер жеңілдетілген шарттармен жер учаскесін және бос тұрған ғимарат алуға мүмкіндік алады. Жақында Түркістан облысындағы Жетісай ауданында аймақаралық бос орындар жәрмеңкесі өтті. Онда екі қолға бір күрек таппай жүргендерге Қазақстанның солтүстік өңірлерінен 4 мыңдай жұмыс орны ұсынылды. Әсіресе білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және құрылыс саласындағы мамандарға сұраныс жоғары болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары