Танымал балалар хирургі Насұқан Отарғазиев қала тұрғынымен сөзге келіп қалып, полиция қызметкерлерімен тұтқындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «31 арнаға» сілтеме жасап.
Сот хирургті бір тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Іс материалдарында әйелдің баласымен бірге дәрігердің қабылдауына келгені, оның кабинетіне кезекті сақтамай кіргені жазылған.
Дәрігер әйел мен баланы тез қабылдамай қоймаған екен, осының салдарынан баланың анасы кезекті бұзуға мәжбүр болады. Дауды тудырған осы жайт. Әйелдің сөзінше, ақ халатты маман оған дөрекі сөйлеп, намысана тиетін сөз айтыпты. Отарғазиев баласын емдеп жазып, аузына кіріп кеткен затты шығарса да, ата-анасы оның үстінен арыз жазып, сотқа берген. Хирург өз жазасын 19 шілдеде өтеді.
Осы оқиғаға қатысты Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пікір білдірді. Ол аса танымал балалар хирургі Насұқан Отарғазиевтің басына түскен жағдай жөнінде Facebook парақшасында жазба қалдырған.
«Өз кәсіби міндетін атқару кезінде мұндай жағдайда қалған дәрігерді осылайша жазалауды әділетсіз әрі артық деп есептеймін. Бұл келіспеушіліктегі дәрігердің кінәсі дәлелденген жағдайдың өзінде (видеодан қарап, оны айтуға қиын) тәртіптік шарамен шектелуге да болатын еді. Айыппұл тағайындауға тұрарлық еді», - деп жазды Біртанов.