$ 494.87  520.65  4.91

Найзағайдан 50 адам қайтыс болды

Оқыс оқиға елдің шығысында болған. Жалпы қаза тапқандардың басым бөлігі Бихаре қаласының тұрғындары екен.

Үндістанда бір апта ішінде 50-ден аса адамға жай түсіп қаза тапты, деп хабарлады 24.kz.

Тағы ондаған азамат жарақат алған. Оқыс оқиға елдің шығысында болған. Жалпы қаза тапқандардың басым бөлігі Бихаре қаласының тұрғындары екен. Қазір штат билігі көз жұмғандардың туған-туыстарына өтемақы төлеуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар табиғат құбылысынан зардап шеккендерге де қажетті ем-дом ұсынбақ. 

Айта кетейік, қазіргі таңда оңтүстік-шығыс Азия елдерінде маусымдық нөсер жаңбыр жауып жатыр. Үндістанда одан 100-ден аса адам құрбан болыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары