$ 494.87  520.65  4.91

VPN бұғатталады: қауіпсіздік сертификатының техникалық мүмкіндіктері анықталды

Техникалық тұрғыдан алғанда, мүмкіндік бар. Түйін сөз - техникалық.
Фото: Sputnik Абхазия
Фото: Sputnik Абхазия

ОКҚ-да өткен брифингте ҰҚК «Мемлекеттік техникалық қызмет» директорының орынбасары Зекен Исмайылов VPN-ді бұғаттаудың техникалық мүмкіндіктері бар екенін айтты деп хабарлайды КAZ.NUR.KZ.

«Техникалық тұрғыдан алғанда, мүмкіндік бар. Түйін сөз - техникалық. Бұғаттау тек деструктивті парақшалар мен контентке қойылады.

Егер сот шешімі немесе уәкілетті органның бұйрығы болса, онда VPN бұғатталады. Егер олай болмаса, онда жоқ деген сөз», - деді журналистердің сұрақтарына жауап берген Исмайылов.

Оның айтуынша, VPN-мен бірге қазақстандық қауіпсіздік сертификатын пайдалануға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары