26.07.2019, 20:00

Атырауда қамыс өртеніп, тұрғындар түтінге тұншығып жатыр

Дәрігерлер далаға шықпауға кеңес береді.

Тұрғындар қалада түтінге тұншығып жатқандарын айтып шағымданды. Дәрігерлер далаға шықпауға кеңес береді.

Атырау облысында орналасқан «Ақ Жайық» резерватында қамыс өртеніп, түтін бүкіл облыс ортасын қамтыды.

Медициналық мекемелерге түтінге тұншығу туралы шағымдар келіп түсті. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қышқыл түтіннен көздері жасаурап, қышып жатқан көрінеді, деп жазады Stan.kz.

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Ақ Жайық қорығында қамыс өртенді. Өрт сөндірілді, бірақ түтін бүкіл Атырауға таралды.

Дәрігерлер тұрғындарға жаяу қыдырудан аулақ болуға және қажет болған жағдайда сақтықпен көшеге шығуға кеңес берді.

25-26 шілдеде Атырауда ауа температурасы 40 градусқа дейін көтерілді, бұның соңы табиғи өртке әкелді.

Тегтер: Атырау өрт