Ер адам қазақ қызымен көшеде жүрген түрікті ұстап алды. Видео İnstagram әлеуметтік желісіндегі @shyndykz тобында жарияланды.
Кадрда ер адам екеуінің жанына кеп «не істеп жүрсің мынамен» деп қызды сұрақ астына алады. Камераны түрікке бұра бастағанда шетелдік азамат қаша жөнеледі. Автор оны қуып жетіп, «неғып құшақтап бара жатсың? Түркияның қай жерінен келдің?» деп қыспаққа алып, нұқып жібереді.
Түрік болса, Бурсадан екенін айтып, қыздың өзі темекі сұрағанын жеткізді. Шетелдік азаматтың «қарындасың ба? Кімің? Беті көгерген. Кім ұрған?» деген сөзін ер адам түсінбеді де.
Оқиғаның қай қалада болғаны әзірге белгісіз. Айта кетейік, осыдан 3 жыл бұрын Жәнібек Мәзір есімді ер адамның Алматыда түрік жігіттеріне қырғидай тиген видеосы жарияланған болатын.