26.07.2019, 22:51

Маңғыстау облысында әскери қызметші қайтыс болды

Агеев иығына оқ атқаннан жарақат алды. Ауруханаға барар жолда әскери қызметші қайтыс болды.

Маңғыстау облысында әскери қызметші қайтыс болды. Бұл туралы бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайты хабарлады.

«Бүгін Маңғыстау облысында алдын-ала болжам бойынша, қаруды ұқыпсыз қолдану нәтижесінде мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметші қатардағы жауынгер А.Д. Агеев иығына оқ атқаннан жарақат алды. Ауруханаға барар жолда әскери қызметші қайтыс болды. Әскери құқық қорғау органдарымен тергеу жұмыстыры жүргізілуде», - делінген хабарламада.