$ 498.34  519.72  4.85

Ақтауда қала шетінен 13 мың бөтелкеден астам арақ-шарап тәркіленді

Оңай олжаны көздегендер қоймалардың бірінде спирттік ішімдіктерді қолдан жасаған.

Ақтауда қала шетінен 13 мың бөтелкеден астам арақ-шарап тәркіленді. Бұл туралы МО Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

МО Кірістер департаменті мен Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері бірігіп жүргізген операция нәтижесінде заңсыз алкогольді сусындар сақтаған қойманы тапқан. 

Оңай олжаны көздегендер қоймалардың бірінде спирттік ішімдіктерді қолдан жасаған. Осылайша, қымбат арақ-шарапты сатуға шығармақ болған. Алдын-ала мәлімет бойынша, тауарлардың бағасы 3 млн. теңгеден асып жығылады. 

«Жинақталған материал әрі қарай экономикалық тергеу департаментіне жолданды» деп хабарлады МО Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ақтау