$ 441.58  480  4.86

Алматы мешітінен өрт шықты

Өрт сөндіріліп жатыр», - деп хабарлады Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі.
Фото: Tengrinews
Фото: Tengrinews

Алматының Түрксіб ауданында жұмыс істемей тұрған мешіттен өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Мәліметті қалалық ТЖД өкілдері растады.

«23.14-де Алматы ТЖД «101» пультіне Түрксіб ауданы, Жасқанат ықшамауданы, Баймағамбетов көшесі, 131 үйдің жанында орналасқан жұмыс істемейтін мешіттің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Алғашқы өрт сөндіру қызметі 7 минуттан кейін, сағат 23.21-де оқиға орнына жетті. Өрт сөндіріліп жатыр», - деп хабарлады Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова. 

Жалын шарпыған аумақ анықталып жатыр. Ешкім зардап шекпеген. 

Кейін ТЖД өкілдері өрттің 00.23-де сөндірілгенін хабарлады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары