Алматының Түрксіб ауданында жұмыс істемей тұрған мешіттен өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мәліметті қалалық ТЖД өкілдері растады.
«23.14-де Алматы ТЖД «101» пультіне Түрксіб ауданы, Жасқанат ықшамауданы, Баймағамбетов көшесі, 131 үйдің жанында орналасқан жұмыс істемейтін мешіттің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Алғашқы өрт сөндіру қызметі 7 минуттан кейін, сағат 23.21-де оқиға орнына жетті. Өрт сөндіріліп жатыр», - деп хабарлады Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Жалын шарпыған аумақ анықталып жатыр. Ешкім зардап шекпеген.
Кейін ТЖД өкілдері өрттің 00.23-де сөндірілгенін хабарлады.