27.07.2019, 12:15

Қазақстандық дзюдошы Хорватиядағы Гран-при турнирінде чемпион атанды

Фото: sputniknews.kz
Галбадрах Отгонцэцэг ақтық айқаста франциялық Мелани Клементті ұтты.

Дзюдодан Загребте өтіп жатқан Гран-при турнирінде қазақстандық Галбадрах Отгонцэцэг чемпион атанды деп хабарлайды Olympic.kz.  

48 келіде белдескен Қазақстан командасының мүшесі финалға дейін сүрінбей, ақтық айқаста франциялық Мелани Клементті ұтты.  

Финалға дейін Галбадрах Австрия және Қытай спортшыларынан басым түскен болатын.