27.07.2019, 21:16

Қызылордада адам қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр

Жол-көлік оқиғасы орын алған жерден автокөлік иесі бой тасалап кеткен.

Қызылорда қаласының Қорқыт ата көшесінде автокөлік иесі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол-көлік оқиғасы орын алған жерден автокөлік иесі бой тасалап кеткен. Қазіргі таңда зардап шеккен жүргінші медициналық мекемеде ем алып жатыр. 

«Жол-көлік оқиғасы Қызылорда қалалық полиция басқармасының ақпараттарды есепке алу жөніндегі кітабында тіркелді. Бұл бағытта кешенді жұмыстар атқарылуда. Автокөлік анықталды. Жүргізушісі іздестірілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі. 

Бұдан бұрын Қызылордада көлік қаққан адам көз жұмғанын хабарлаған едік .

Тегтер: Қызылорда