«Өңірлерді дамытудың-2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бойынша қалалық құрылыс бөлімі арқылы 2015 жылы барлығы 41 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Оның ішінде 2699 пәтерлі 37 тұрғын үйдің құрылысын жыл соңына аяқтау жоспарланған. Қазіргі таңда 1763 пәтерлі 26 тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал, 11 үй жұмыс комиссиясымен қабылдануда. Сонымен қатар, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ЖШС арқылы жыл басынан 1572 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда 1080 пәтердің құрылысы аяқталып, кезекте тұрған азаматтарға берілуде. Тұрғын үй қорын жаңғырту бойынша республикалық бюджеттің несиелері есебінен 252,1 млн.теңгеге 35 көп қабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жоспарланған. Қазіргі таңда 34 тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, оның 16-на қабылдау актісі алынған, ал қалған 18 үйді қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бір үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Айта кетерлігі, егер мемлекеттік қабылдау актісі мерзімінде рәсімделмеген жағдайда қала әкімдігінің тиімділігіне кері әсер етеді. ҚР-сын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен қалада құны 21,0 млрд. тг құрайтын 5 инвестициялық жобаны («Стандарт цемент» ЖШС, «ДДЭК» ЖШС, «Амир-А» ЖШС, «Бал тестиль» ЖШС, «ЮгOil Pro» ЖШС) жүзеге асыру арқылы 592 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Қазіргі таңда индустриялық аймақта 2 жоба жүзеге асырылған.
Экономика және қаржы бөлімі басшысының баяндамасын тыңдаған шаһар басшысы әр салаға жуапты әкім орынбасарлары мен бөлім басшыларына тапсырмалар беріп, аталмыш бағдарламалардың тыңғылықты орындалуын қадағалауды айтты.