28.07.2019, 06:08

Қызылорда қаласында көлік қағып кеткен жаяу жүргінші мен оның қызы оқиға орнында көз жұмды

Бұл келеңсііз жағдай Сұлтан Бейбарыс көшесі бойында орын алды.

Қызылорда қаласында көлік қағып кеткен жаяу жүргінші мен оның қызы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Бұл келеңсііз жағдай Сұлтан Бейбарыс көшесі бойында орын алды. Ажал құшқа адамдар жүргіншілер жолағы жоқ жерден өтпек болған. 

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу жағдайы көрсетілген. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілуге жатпайды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Бұдан бұрын Қызылордадағы Қорқыт ата көшесі бойында адам қағып, оқиға орнынан кетіп қалған көлік иесі іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік. 

 

Тегтер: адам өлімі