Екінші рет тұрмысқа шыққан келіншек күйеуінің бұрнғы әйелімен сөйлесіп жүргенін айтып, әлеуметтік желі қолданушыларынан көмек сұрады. Бұл туралы ол Instagram-дағы Үшбу хат парақшасына жазды.
«Мен басымнан өтіп жатқан жағдаймен бөлісейін деп едім. Құпия болса деймін. Мен үш жылдан бері екінші күйеуіммен тұрып жатырмын.
Жолдасым да бұрын үйленген. Қазір ортамызда бір бала бар. Енді проблема жолдасымның бұрынғы әйелі. Кеше екеуінің телефонмен сөйлесіп отырғандарын байқадым. Бұрынғы өткен-кеткендерін қозғап отыр. Маған сөйлеспеймін деген еді. Кешегі жағдайдан кейін сенуден қалдым. Жиіркенемін. Түріне де қарағым келмейді. Кетіп қалғым келеді. Тек елдің сөзінен ұяламын. Ол әйелге заң жүзінде не істей аламын, айтыңыздаршы?», — деп жазды ол.