Бүгін Алматы-Өскемен трассасындағы жол апаты салдарынан көлік жүргізушісі мен оның жолаушысы қаза тапты.
Zakon.kz хабарлауынша, Audi 100 автокөлігі Қапшағайға қарай солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Трассаның 29-шақырымында белгісіз себептермен жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, трассаны бөліп тұрған қоршауға барып соқтығысқан. Жүргізуші отырған жаққа тиген қатты соққының салдарынан жүргізуші мен оның артында отырған жолаушы тіл тартпай кеткен.
Алматы облысының тергеушілері оқиға орнына келіп, жол апатының мән-жайын анықтауда.
Дереккөз: BAQ.KZ