$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстау бағытындағы пойыздың жолсеріктері жазаға тартылды

«Тексеру барысында 23 билетсіз адам және 900 келі тіркелмеген жүк багажы табылды».
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Маңғыстау бағытындағы пойызына рейд жүргізу барысында 23 билетсіз мінген адам және 900 келі артатын тіркелмеген жүк багажы табылған деп хабарлайды Stan.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«12-сінен 19 шілде аралығында «Алматы-Маңғышлақ», «Маңғышлақ-Алматы» және «Маңғышлақ-Атырау» бағыттарында қатынайтын пойыздарға Маңғыстау облысының антикоррупция қызметі көлік инспекциясымен бірігіп «Маңғыстау – адалдық алаңы» бойынша рейд жүргізілді. Тексеру барысында 23 билетсіз адам және 900 келі тіркелмеген жүк багажы табылды. Пойыз жолсеріктері әкімшілік жазаға тартылды», - дейді ҚТЖ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, жақында темір жол саласындағы мамандарға профилактикалық іс-шара өткізілетіні хабарланды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары