$ 443.85  474.3  4.8

Шымкентте жас жігіт жирафқа мініп, зообақтың тәртібін бұзды (ВИДЕО)

Тәртіпбұзушының бұл әрекеті видеоға түсіп қалған. Жас жігіт зообаққа қыздармен бірге келіп, экзотикалық жануар сынап көргісі келіпті.

Шымкент қаласындағы зообаққа келген жас жігіт жирафқа мініп алды, деп хабарлайды Sputniknews.kz ақпараттық порталы.

Тәртіпбұзушының бұл әрекеті видеоға түсіп қалған. Жас жігіт зообаққа қыздармен бірге келіп, экзотикалық жануар сынап көргісі келіпті.

Тыйым салынғанына қарамастан ол момын жануарды өзіне шақырып, үш метрлік дуалға шықты да, жирафқа мініп алды.

«Шабандоздың» видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Осыған орай Шымкент зообағы мәлімдеме жасаған. Олардың мәліметіне сүйенсек, оқиға 27 шілде сенбі күні болыпты.

«Бәлкім, жігіт пен қасындағы қыздар мас болған шығар. Бұл адам зообақ аумағында жүру ережесін бұзды. Ол жайында мекеменің радио желісі әр 15 минут сайын хабарлап отырады», - деп атап өтті зообақ басшылығы.

Зообақ әкімшілігі тәртіпбұзушыны жауапкершілікке тарту үшін полицияға арыз берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары