Шымкенттік кардиологтар балалардың жүрек ақауына байланысты күрделі операциялар жасай бастады.
Олардың қатарында жаңа туған сәбилер де бар, - деп хабарлайды 24.kz. Ең алғашқы көмек туғанына ай да толмаған Алина есімді сәбиге көрсетілген еді. Жүрек ақауымен дүниеге келген бөбек қазір өзін жақсы сезінеді. Дәрігерлердің айтуынша, ол болашақта спортпен шұғылданып, толыққанды өмір сүреді. Украиналық әріптестерімен бірлесіп жасалатын операциялар тегін. Қазіргі таңда осындай жолмен көмек алған төрт сәбидің жағдайы жақсарып келеді дейді мамандар. «Біз аса күрделі операцияларды жасай отырып, олардың өмір сүруіне мүмкіндік береміз. Шымкенттік мамандардың деңгейін байқағаннан кейін мен осы жердің өзінде-ақ тура Швейцария, Цюрих пен Киевтегідей жағдайда операция жасауға болатынына көзім жетті», - дейді Киев қ. республикалық кардиология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Илья Емец
Денсаулық сақтау басқармасы басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен және аудан, қала әкімдіктерімен бірлесіп, нысандардың жағдайын, қосымша нысандарға қажеттілікті анықтау үшін түгелдей денсаулық сақтау нысандарында түгендеу және паспорттау жұмыстарын жүргізіп келеді. Барлық денсаулық сақтау нысандарының электрондық базасы құрылды. Демографиялық ахуал мен ауру-сырқаулық, басты басымдықтар мен нысандардың жай-күйін есепке ала отырып, облыстық денсаулық сақтау басқармасы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және құрылыс салу үшін денсаулық сақтау нысандарын іріктеу критерийлерін әзірленген. Нәтижесінде 2016 жылға дейінгі кезеңге ауыстыруға, жаңадан салуға, күрделі жөндеуге жататын нысандар тізбесі анықталды.