$ 494.87  520.65  4.91

«Бір адам қайтыс болды»: Ақтөбе облысында жас жігіт мылтықпен үш адамды атты

Күдікті 16-калибрлі аң аулау мылтығын стадионға жасырып қойған.
Фото: БК55
Фото: БК55

Шалқарда 21 жастағы жігіт үш адамды атты. Жараланғандардың бірі қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

27 шілдеде шамамен 4:33-те аудандық аурухананың қабылдау бөлімінен Шалқар қаласындағы Айтеке би көшесінің «Мерей» сауда орталығына жақын маңда Айтеке би көшесі маңында бытыралы оқтан үш адам зардап шеккенін хабарлаған.  

Бұлар жергілікті тұрғындар. Олар әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен. Зардап шеккендердің бірі қайтыс болды.  

«Полицейлер жедел іздеу шаралары барысында ізін суытпай күдіктіні ұстады, ол 21 жастағы жергілікті тұрғын екені белгілі болды.Ол кінәсін мойындады», - делінген хабарламада.  

Күдікті 16-калибрлі аң аулау мылтығын стадионға жасырып қойған. Қару тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынды. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары