Қазақстандағы Danone компаниясы сарапшыларының айтуынша, елімізде сүт өнімдерін аз тұтыну салдарынан остеопороз дерті кеңінен таралуы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
Ресми мәліметке сүйенсек, қазақстандықтардың сүт өнімдерін пайдалану көрсеткіші - күніне 700 грамм. Бұл - ересек адамға шаққандағы минималды тәуліктік көрсеткіштің 79%. Дәрігерлер Қазақстанда остеопороз дертінің (сүйекті зақымдайтын созылмалы ауру) 2012 жылдан бастап 8 %-ға өскенін айтады.
«Ағзаның тұрақты қызмет етуі үшін адамзат баласына күнделікті кальций мен өзге микроэлементтерді толықтыру қажет. Ағзаға қажетті элементтердің барлығы сүт өнімдерінде бар. Сүт өнімдерінің үш өлшемінде кальцийдің тәуліктік көлемінің 80% және 250-ге жуық пайдалы элемент бар. Адамзат баласы үшін ең маңыздысы – амин қышқылдарына толы сүт ақуызы», - дейді сүт өнімдерін өндіру компаниясының өкілі Дінмұхамед Айсауытов.