Белгілі Депутат Бақыт Сыздықова өмірдің мәні туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол өмірде барлық нәрсені жасап көргенімен, өмірдің мәнін түсінбегенін жеткізген. Шаман отынан секіріп, қабірге барып сиынып, бақыт іздегенін жасырмады ол. Осылайша, депутат өмірінің кейбір шақтарын есіне алған, деп хабарлайды Stan.kz.
«Өмірдің мәні неде? Мен өмірдің мәнін ұзақ уақыт бойы іздедім. Кітаптар оқыдым, түрлі дәстүрлерді зерттедім, Үндістанға бардым, Ашрамдарға бардым, Гоаның алтын құмдарында йога жаттығуларын жасадым, қиын жорықтарға бардым және биік тауларда мінажат еттім, шаман отынан секірдім. Иерусалимдегі қасиетті қабірге барып бақытты ете көр деп сұрадым, атқа мініп, қорқынышымды жеңіп, 25 метр биіктіктен сарқырамаға секірдім», - дейді Бақыт Сыздықова.
Өмірінде жақсылық пен жамандықты қатар алып келе жатқан ол қандай қиындық болса да, қандай нәрсе жасап көрсе де тоқтамағанын айтады. Қоғамдық, саяси, әлеуметтік өмірге белсене араласқанын жеткізді ол.
«Арықтадым, толдым, вегетариан болдым. Тіпті көп ақша тауып, қарызға да баттым. Сайлауда жеңіп шығып, заңдар мен мемлекеттік бағдарламалардың негізін қалыптастырдым. Бала құқықтарын қорғап, ұйым құрып, партияның құрлысымен айналысып та үлгердім», - дейді Бақыт Сыздықова.
Алайда депутат өмірдің мәнін таба алмай жүргенін айтты. Сонымен қатар, Бақыт Сыздықова осы сұрақтың жиі мазалайтынын ашық айтып, оқырмандарымен байланыс орнатқан.
«Қайырымдылық жұмыстарын да жасап, КВН сахнасын да бағындырдым. Теледидар мен экранды бағындырдым. Меккедегі Қасиетті Қағбаға барып, Мединадағы пайғамбардың қабірінде дұға оқыдым, адамдарға көмектестім және олар маған көмектесті, шабыттандырды. Бірақ үнемі өзіме сұрақ қоятынмын. «Өмірдің мәні неде?» деген сауал санамда жүретін. Көп нәрсені көрсем де, жауабын таппадым. Ал сіз өміріңіздің мәнін таптыңыз ба?», - дейді депутат.