$ 494.87  520.65  4.91

Асқар Мамин шенеуніктерге шетелдік автокөлік алуға тыйым салды

Премьер-министр Асқар Мамин мемлекеттік органдарға шетел көліктерін сатып алуға болмайтыны туралы алдағы екі жылға арналған қаулыға қол қойды.

Қазақстандық шенеуніктерге шетелдік автокөлік сатып алуға тыйым салынды, деп хабарлайды Altaynews.kz ақпараттық порталы.

Премьер-министр Асқар Мамин мемлекеттік органдарға шетел көліктерін сатып алуға болмайтыны туралы алдағы екі жылға арналған қаулыға қол қойды. Бұл туралы «ҚазАвтоПром» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш мекеменің жазуынша, «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның 14-бабына сәйкес, ішкі нарықты қорғау және ұлттық экономиканы дамыту үшін шетел көліктерін сатып алуға тыйым салыныпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#автокөлік