Қазақстандық шенеуніктерге шетелдік автокөлік сатып алуға тыйым салынды, деп хабарлайды Altaynews.kz ақпараттық порталы.
Премьер-министр Асқар Мамин мемлекеттік органдарға шетел көліктерін сатып алуға болмайтыны туралы алдағы екі жылға арналған қаулыға қол қойды. Бұл туралы «ҚазАвтоПром» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Аталмыш мекеменің жазуынша, «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның 14-бабына сәйкес, ішкі нарықты қорғау және ұлттық экономиканы дамыту үшін шетел көліктерін сатып алуға тыйым салыныпты.