$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО спортшылары он айда 1029 медаль жеңіп алды

Биылғы жылдың 10 айында облыс спортшылары спорттың 59 түрі бойынша 243 Қазақстан Республикасының чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, 375–алтын, 324–күміс, 330– қола медаль жеңіп алды.

 

Мәселен, жыл басынан бері өткен 75 Азия чемпионаттары мен кубоктарында спортшыларымыз 48-алтын, 29–күміс және 37-қола медальге қол жеткізсе, осы уақыт арасында өткен 47 Әлем чемпионаттары мен кубоктарында 26-алтын, 8-күміс және 10-қола медальді қанжығаларына байлаған. Бұл аралықта өңірде 7 - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 45 - Қазақстан Республикасының спорт шебері, 698 - спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.

Жалпы спорт елімізде қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Себебі, барлық өңірлерде бұл салаға айтарлықтай жағдай жасалған. Жоғарыда айтқанымыздай қаншама жерлестеріміз үздіктер қатарынан көрініп, еліміздің көк туын сан мәрте көкте желбіретіп, ән ұранымызды әлем алдынша шырқаған. Міне осындай жігерлі, қайратты спортшыларды көрген жас жеткіншектер алдыңғы буынға еліктеп, саламатты өмір салтына деген қызығушылығы оянады.  Олар да осындай жетістікке жеткісі келіп талпынады. Соның нәтижесінде, саналы, сапалы ұрпақ өсіп жетіледі. Бұл да мемлекетіміздің жүргізіп отырған көрген саясатының жемісі деуге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ОҚО #спорт