30.07.2019, 16:50

Болат Мажағұлов жаңа қызметке тағайындалды

Мажағұловтың Facebook желісіндегі парақшасында әлеуметтік желі қолданушылары шенеунікті жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап жатыр.

Болат Мажағұлов ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі. 

«2010 жылдың қараша айынан бастап Астана қаласының мәдениет басқармасына басшы болып келгелі Болат Бауыржанұлы мәдениеттің шын жанашыры екенін дәлелдеп, келелі істердің басы-қасында жүрді, талай игі бастамалардың іске асуына мұрындық болды», - делінген «Жастар» театрының Facebook желісіндегі парақшасында.  

Бұл мәліметті елордалық әкімдік баспасөз қызметінің жетекшісі Ақмарал Олжабаева да растады. 

Мажағұловтың Facebook желісіндегі парақшасында әлеуметтік желі қолданушылары шенеунікті жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап жатыр.